Серік Жаманаев өзі басқарған қылмыстық топ мүшелерімен бірге ұсталды.
Сенбі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР ІІМ-нің Алматы облысы аумағында жүргізген бірлескен операциясы кезінде белгілі қылмыс әлеміндегі «авторитет» Серік Жаманаев тұтқындалды.
Қылмыстық топқа кісі өлтіру, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылып отыр.