Ақтөбеде кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыстық топ мүшелерін Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті ұстады.
«Қылмыстық топ құрамында деструктив ағым жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет екі жігіттен ақша бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында осы адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша соталды тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.