19 шілдеде Астана су қоймасы маңындағы Арнасай ауылында орналасқан демалыс орны аумағында әйел суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business News сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер мәліметінше, сағат 21:00 шамасында департаментке қайғылы оқиға туралы хабарлама келіп түскен.
Ақмола облысы ПД-де демалушылар су қоймасында гидроциклмен жүрігенін айтты.
«Жағалаудан 250 метрдей қашықтықта гидроциклмен жүрігенін су бетінде сырғанап бара жатқан бойжеткен қарсылық көрсете алмай, гидроциклдан суға құлап кеткен. Демалыс аймағының нұсқаушысы оған көмектесуге асықты, бірақ құтқара алмады», - деді ведомство өкілдері.
Мәйітті іздеу жұмыстары екі күннен бері жалғасып жатыр, сүңгуірлер мен арнайы техника жұмылдырылған. Іздеу жұмысы үшін Павлодар облысынан сүңгуірлер түсе алмайтын су қоймасының түбін сканерлеуге мүмкіндік беретін жаңғырық құрылғысы әкелінді. Су қоймасының тереңдігі 20 метрден 30 метрге дейін. ТЖД мәліметінше, көру мүмкіндігі он метрден төмен нөлге тең, түбі балдырлармен жабылған, бұл денені іздеуді қиындатады. Құтқарушыларға жел мен толқын да кедергі келтіріп жатыр.
Суға кеткен қыз Atameken Business News ақпарат агенттігінің қызметкері екені белгілі болды.