«Маугли» атанған бала Қызылорда қаласының маңынан табылды. Оған сөйлеу қатты қиындық тудырады. Ол киімі лас және аш күйінде табылғандықтан, кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығына жеткізілді. Оның 9 жасқа толғаны және бірнеше ай бойы баспанасыз жүргені анықталып отыр.
Бұл бала үшін әліпби, онға дейін санау, тіпті жануарлардың қарапайым суреттері де беймәлім дүние болып көрінеді. Ол ата-анасын есіне түсіре алмағанымен, анасын сағынатынын айтады. Бірақ баланы әлі күнге дейін ешкім іздеп келмеді.
«Онымен бірге мұғалімдер, тәрбиешілер, логопедтер және дефектологтар кешенді жұмыс атқарып жатыр. Екі айдан кейін бала 9 жасқа толады. Бірақ психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бойынша оның даму сатысында кедергі бар. Яғни, баланың санасы мектеп жасына дейінгі баланың деңгейімен бірдей» — дейді Қызылорда қаласының кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығының психологы және мұғалімі Әсем Бекмамбетова.
Қала тұрғындары үйсіз балаға Маугли деген лақап ат қойып алған. Тіпті, оны тамақтандырды, түнеуге мүмкіндік береді. Баланың туыстары жоқ екенін білгенде олар полицияға жүгінгенін айтады.
"Оның шашы Маугли сияқты иығына дейін жетеді. Баланы арықтың шетіндегі қамыста ойнап отырған жерінен тауып алдық. Халық арасында жүргізілген сауалнамада баланың туыстары жоқ екендігі анықталды. Әкесі мамыр айында қайтыс болған "— деді Қызылорда полиция департаментінің учаскелік инспекторы Жасұлан Асылбеков.
Владиктің тағдыры жасөспірімдер сотында шешілмек. Белгілі болғандай, баланың анасы Людмила бірнеше жыл бұрын Кореяға жұмыс істеуге кеткен. Ол ұлын өткен көктемде қайтыс болған бұрынғы күйеуіне қалдырған. Енді мәселе Людмиланы ата-ана құқығынан айыру туралы болып отыр. Бірақ алдымен баланың анасын табу керек.