«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды
«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды», - делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.Еске салсақ, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.