Елдегі эпидемиологиялық ахуал қайтадан күрделене түсті. Соған сәйкес коронавирусты жұқтыру деңгейі артқан Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қалған өңірлер әзірге «жасыл»сызықта тұр.
Эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жерлестерімізге үндей жолдап отыр. Онда қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулы даярлап жатқаны айтылған. Қаулыға сәйкес, 5 жасқа дейігі балаларды қоспағанда барлық азаматтарға қоғамдық орындада бетперде кию ұсынылады. КВИ-мен науқастанған адамдармен байланыста болған азаматтарды қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру қарастырылған. Қаулы 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.