ЮНЕСКО ұйымының өкілі Түркістан қаласының жасы 2 200 жылдан кем емес деп санайды. Бұл қапаратты мамандар тексеруі тиіс.
Ал қала әкімі Рашид Аюпов қаланың жасы 2 800 жылға дейін жетуі мүмкін екеніне еш шүбә келтірмейді. Бұл болжамды әлемнің жүз елінің мамандары тексермек. Қорытынды жауап 2021 жылдың қараша айында белгілі болады.
Түркістан қаласының әкімі ЮНЕСКО-ның өкілі Дмитрий Воякинмен және Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаевпен кездесті.
«Белгілі археолог және ЮНЕСКО өкілі Түркістан қаласының жасы 2 200 жылдан кем емес деп санайды», - деді Тркістан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласы да самарқанмен бірге әлемнің ең көне қалаларының тізіміне кіруі мүмкін.
«Урбанистика заңдылықтарына қарап, қала деген мәртебе берсек, онда Түркістанның жасы 2800 жылға жетуі мүмкін. Әкімдік ұсынысты қарауға екі ай бұрын жіберген. Биыл барлық жұмыстар жасалып, келесі жылы күзге дейін әлемнің жүз елінен мамандар келіп қарайды», - деді қала басшысы Рашид Аюпов.
Әкім Түркістанның аталмыш тізімге енетініне сенім білдіретінін және үміттенетінін айтты.