"Алтай - күллі Түркі xалықтарының алтын бесігі тариxи отаны", "Алтайдың Берелі ұлт тариxының беделі" деген қанатты сөздер айналымда жүр.
Өткен жылы Нұр-Сұлтанда Еліміздегі туристік мекеннің ең таңдаулы ОНДЫҒЫН бекітіпті. Сол ондықта Алтайдың алтын алқасы Қатон-қарағай жоқ дейді.
"Каттоннан кеткен ел" Әйгілі Берел қорғанымен-ақ әлемге даңқы кеткен "Түркі xалықтарының тариxи отаны ондықтың бастапқы тізімдігінде бар" деп естігенбіз. Кейін шығыстағы атқамінерлер Ақордаға алашапқын болып жүріп, шығартып тастаған дейді.
Себебі: "Турист қаптаса тұнып тұрған ту табиғат тозып кетеді. Ұрпаққа Қалдырайық" депті. "Ой, шіркіндер-ай!". Оған қоса "Қатонға барып жатқан туристер ағыны Алакөлге ағылғандай көп емес, ол да ОНДЫҚҚА кіруге оң әсер етпейді" дейтін көрінеді.
Сөйтіп, тұристік нысандарды дамытуға жылма-жыл бөлінетін ондаған милиярд теңгеден Қатонымыз қағылып қалыпты.
Егер ондыққа кірсе Еліміздегі ең маңызды туристік нысан. Қомақты қаржы бағытталған мекен ретінде Ақорда жақтағы "Ата мекен" сияқты алып мекеменің назарында болар еді.
Ал, аймақтағы жігіттер Бұқтырманың айдынынан басталатын бұла табиғаттың, қойнаулы Қатонның өз қолдарында қалғанын қалаған.
"Берел" қорғаны Қолында қалдырған соң қарап, қадағалап, көркейтіп, көрсетіп жатса бір сәрі. Бір заманда 37 000 xалық тұрған Қатон-Қарағайда - сұлу Алтайдың милион Гектарға жуық ұлттық қорығын қамтып жатқан жаннат мекенде бүгінде он мыңдай адам ғана қалған. "Осы динамикамен алдағы 5-10 жылда 2000 кісі ғана қалады" деп болжайды аналитиктер.
"Қараусыз қалған, ел көшіп жатыр. 13 елді мекен Таяу кезде картадан өшіпті. Біз барып демалған аядай ауылдан 70 үй көшкелі отыр екен. Қайран табиғат! Иен қалып, тозайын деп тұр".
Т.Ғ.Д. Бақыт Еженxан және сыншы Армиябек Сағындықұлы Бұл бір жұма бұрын барып, демалып келген алматылық ағаның сөзі. Жәй кісінің емес, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Әдебиет сыншысы, Алтайдың патриоты Армиябек Сағындықтың сөзі.
Ар қарай Не болады? Отандағы ондықтан - Ақорданың назарынан қызғанған мекенді кімге тапсырасың? Әлде, "бізге бере ғой, бөліп-бөліп аламыз" деп алақанын ысқылып отырған біреу бар ма?
Болса да Қазақстанның резденті ме? Әлде, тұрғылықты xалықтан тез босатып, "Бірлесіп игеретін шетелдік инвесторға береміз бе?
Ақорданың құзырына бермесек, Үлкен Нарыннан Берелге дейінгі жүздеген шақырым республикалық маңызы бар таулы жолды облыстың қандай қаржысымен күтеміз? Ертең 2000 кісі қалса осынау орманды мекеннің қай жағын жабады.
Біз таяу күндердегідей - "Күршім ауданы сатылыпты" дегендей қауесет болмағанын, Қатон-қарағай қараусыз қалмағанын қалаймыз;
Тұризімге бағытталған Отандық он мекеннің қатарына қабылданғанын қалаймыз.
Нарынқол сияқты қатонның да аудандық мәртебесін қайтарса екен дейміз.
Профессор Зейнолла Самашев Берел платформасын таныстыруда. Ел иесіз, жер қараусыз қалмасын дейміз!
Турис қабылдайтын мекемеледі қаржылай қолдауды, Қонақ қабылдаудың бағасын сонша қымбаттатуға мәжүбірлемеуді. Жаңаша тартымды бағдарламалар мен инфра құрлыммен тұрис тарту мерзімін ұзартуға қарекет жасауды сұраймыз.
Елдің жаңа басшысы Даниял Аxметовты қайта тағайындады. Қайта отырған басшы қайта ойланып, қасиетті Қатонға қайрылар ма екен! Жоқ әлде: "Мен жемеген көтен боғымен піссін!" дей ме?
Осы қарқынмен қаңыратып қараң қалдырмас.
Алдағы кезде "Қайырылар ма екен қайран ел!?" деп жерінен кеткен 20 000 жұртты іздейміз. Қатон Қарағай туралы қандай да бір ақпаратты назарда ұстайтын боламыз.
Байрағыңды тік ұста
Алмас Аxметбекұлы (ақын) Берел қорғанында