Бейсенбі күні Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан тараған вирусты ауруды растады. Қытайдан келген азаматқа жүргізілген тест аурудың белгілері бар екенін анықтаған. Бұл – Жапониядағы жаңа короновирусты аурумен ауырған алғашқы адам.
Министрліктің мәліметінше, 30 жастағы азамат Канагава аймағының тұрғыны. Ол Қытайдың Ухань қаласынан Жапонияға 6-қаңтар күні оралады. Ол өткен аптаның жұмасында ауруханаға қабылданып, осы аптаның сәрсенбісінде босатылған. Өйткені, ауруынан дер кезінде айығыпты.
Ухань қаласында тараған құпия аурудың себебі короновирустың жаңа түрі екенін тағы да бірнеше жерде анықтады.
Қытайда осы короновирус өкпе қабынуы фактісімен 59 адам тіркелген, оның жетеуі ауыр халде. 11-қаңтар күні осы вирус салдарынан қаза тапқан адам болғаны туралы ақпарат шықты. Сондай-ақ, короновирус жұқтырған адам Оңтүстік Кореяда да тіркеліпті.