«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзарды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
3 маусымда Алматы ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевтің қамауға 7 тамызға дейін ұзартты. Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 7 қаңтар күні ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден түрлі маркалы төрт тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.
Бұған дейін Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевті қанша рет және қандай қылмыстар үшін бас бостандығынан айырғанын айтқан болатын. Ол алғаш рет 2005 жылдың 1 тамызында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, Арманға тағылған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Жұмагелдиевпен бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырған, оның төңірегіне бірігуге, қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырған.