Ақмола облысына қарасты Ереймантау ауданының тұрғындарының өз әкімдеріне өкпесі қара қазандай. Олар шенеуніктің әуе апатынан қаза тапқандардың рухына бағышталған жалпыұлттық аза тұту күнінде өз қарамағындағылармен бірге жаңа жылдық кешті тойлағанын айтып, шағымданды.
Міне, халықтың пікірінің бағыты, легі осындай. Дүбірлі мерекелерді полиция қызметі тоқтатқысы келгенімен, шара өз жалғасын тапты. Әлеуметтік желілерде Аяз ата мен Ақшақардың жергілікті шенеуніктердің көңілін табуға тырысып жатқаны туралы видео тарап кетті. Ал әкім Абай Әлжановты сол жерде жүрген демалушылар өз көздерімен көрген. Бүкіл ел әуе апатынан қаза тапқан 12 азаматты жоқтап отырғанда аудан басшысының мейрамханалатуы бәрін таң қалдырыпты.
Мейрамхана жергілікті депутаттың құзырындағы мүлік екені анықталған. Бұл жерге шамамен 200-ге жуық адам жиналыпты. Көбі – жоғары дәрежелі шенеуніктер, олардың жұбайлары және қарамағындағылар.
Әлжанов телефондағы журналист сауалына ол жерге жаңа жыл тойлау үшін емес, туысының туған күні үшін барғанын айтады. Бірақ аза тұту күніне байланысты өз лебізін білдіріп, артынша үйге қайтқан-мыс.
Шенеуніктердің нақты не тойлағанын тексеру үшін ауданнан арнайы комиссия құрылды.