Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды.
Музыкант қыркүйекте коронавирус жұқтырып, ауырып шыққаннан кейін денсаулығы сыр бере бастаған.
"26 қарашада, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте жағдайы нашарлап, музыкант талып қалып, бір сағат есін жия алмаған", - делінген хабарламада.
Александр Градский кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор.