Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Соған сәйкес, «қызыл» аймақта бір ғана облыс қалды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
2021 жылғы 27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.