Депутаттар айтқандай Қазақстанда келесі жылдың көктемінде ет бағасының өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді.
– Бағаға келетін болсақ, ет бағасы қымбаттайды. Айтарлықтай өсім болмайды деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды, – деді министр ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, Қазақстан сиыр етімен 97%, қозы етімен – 100%, жылқы етімен – 97,5% қамтамасыз етілген.
– Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс отандық өндіріспен толық қамтамасыз етілген. Біз шетелден көп мөлшерде ет әкелмейміз, – деді министр.