14 қыркүйек күні Алматы облысында жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары кезінде 1990 жылы туған Қарулы күштер қызметкері, капитан мерт болды.
Басқа жеке деректерді марқұмның туған-туыстары жарияламауды сұраған. Әскери қызметкер бұған дейін 50 мәрте парашютпен секірген. Қайғылы оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», - деп жазылған хабарламада.