Елдос Елге оралыпты. Ел ағалары алдынан шығып, «АРҒЫМАҒЫН» көлденең ұстап тұр. Керемет емес пе?
Миллиард көз қадалған шаршыда жолбарысша жұлқысқанын көрдік қой. Жапондар өз төрінде өтетін сайысқа өз палуанын қалай дайындаса сол дайындығы Елдосқа бағытталғаны көрінді. Ұлымыздың шып-шырғасыз ширақ қыймылын біз де көрдік. Әлем көрді.
Миллиардтар Елдосқа қарап, ұлттың мінезін көрді, қыймылын көрді, келбетін көрді, құлшынысын көрді, туын көрді. Елдос соның бәрін биік деңгейде милиярттарға көрсетті. «Жан мен ту таласқа түссе жанын пида етерін» көрсетті. Елдос ұлға қандай құрмет те жарасады.
Елдос ұлдың алдынан өзіміз шықпасақ та өлеңіміз шығыпты. Соның өзіне жер-көкке сыимай отырған түріміз. Керемет емес пе! Өмір керемет!