Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жауып, теміржолдың бір бөлігін шайып кетті. Бұл туралы куәгерлер Маңғыстау-Шетпе учаскесінде видео түсірген.
Теміржол учаскесін шайып әкеткен су ағыны 14 пен 15-ші торап арасында болған. Кадрлардан су ағындарының теміржолды шайып, босатып кеткені көрінеді. Осыған байланысты пойыз тоқтауға мәжбүр болған.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы 3 шілдеде сағат 16.00 шамасында екпіні бар желдің жылдамдығы 20 м / с дейін жоғарылағанын хабарлады.
«Түтін, тұман және шаң сияқты атмосфералық құбылыстар байқалды. Нөсерлі жаңбыр жауды», - деп атап өтті Қазгидрометте.