Ресейде екі кішкентай қыз үйінің ауласында тұрған машина ішінде жанып кетті. Бұл оқиға Ресейдің Ростов облысының Каменский ауданында болды. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.
«Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс (абайсызда өлімге әкеп соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Ресейдің аймақтағы өкілі.
Тергеу мәліметтері бойынша, сенбі күні 2017 және 2019 жылы туылған екі қыз Каменский ауданындағы үйдің ауласында ойнап, жақын жерде тұрған көлікке отырған. Анасы оларды таба алмай, полиция шақырған. Кейінірек балалар көліктен табылды. Екеуі де көз жұмған.
«Кішкентай балалардың өлімінің алдын-ала себебі - жоғары атмосфералық температураның әсер етуі», - деді департамент өкілі.
Айта кетейік, аталған іске байланысты сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.