Қазақстанда жыл соңына дейін 32 педофил бостандыққа шығады. Оларға химиялық кастрация қолданылмайды, өйткені олардың барлығы елде Заңға тиісті түзетулер енгізгенге дейін қамалған.
Құқық қорғаушылар мен психологтар Қазақстанда осы санаттағы қылмыскерлер босатылғаннан кейін олармен жұмыс істеу бойынша бағдарлама жоқ деп алаңдайды.