2021 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Елімізде сегіз облыс коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.
Сонымен, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары.
Сурет: Liter.kz