Экс-министр Елжан Біртанов сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеді.
"Кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді.
Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралуда. Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығын растайтын сенімді деректер жоқ. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Елжан Біртанов.