Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина паспортын сату мәселесіне қатысты пікір білдірді.
"Жалған паспорттарға келер болсақ, бұл алғашқы тіркелген оқиға болып отыр. Бұл ақпаратты алғаннан кейін Алматы әкімдігіне хабарластым. Таңертеңнен бастап бақылауға алдық, күш құрылымдарымен жұмыс барысын талқылап, күдіктіні ұстадық. Әлеуметтік желіні бақылап отырмыз. Мұндай жағдайлар туралы мәліметіңіз бар болса, біз ақпаратты қабылдауға дайынбыз.
Біз барлық медицина қызметкеріне бұл қылмыстық жаза екенін ескерттік. Дәрігер болсын, маңындағы қызметкерлер болсын, бұл заң екенін түсінуі керек. Біз бәрін тауып, жазалаймыз. Мұны дәлелдеу оңай. Өйткені, әр доза ақпараттық жүйеде көрініп тұр. Егер мұндай жағдай болса, қылмыстық іс қозғалады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді Цой ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Сурет: Газета.ру