Алматыда Елбасы бейнеленген мурал пайда болды. Сурет Жароков және Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан қойма сыртына салынған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл сурет бір түнде салынған. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы өкілдері ведомствоның бұл бейнелеу өнеріне ешқандай қатысы жоғын айтты.