Сауд Арабиясының Жоғарғы соты 11 сәуір қарсаңында ешкімнің жаңа туған айды көре алмағанын, сондықтан Парсы шығанағы елдеріндегі қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын мәлімдеді.
Сауд Арабиясының бұл ұстанымын басқа араб елдері де ұстанады. Дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен дін маманының сөзіне сүйенеді. Катардың вакууфтар және ислам істері министрлігінің мәлімдемесінде «Шаабан айының 29-ында комитеттің жаңа айдың тууын бақылау, оның пайда болуына куә болу туралы үндеуіне ешкім жауап бермеді. Сондықтан комитеттің жұмысы дүйсенбіде жалғасады және ертең олар өз пікірін айтады» делінген.
Сонымен, ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де 12 сәуір күні басталмайды. Егер бұл елдерде айдың тууы дүйсенбіде көрінбесе, Рамазан айы көптеген араб елдерінде сейсенбіде, 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталған кезде басталуы мүмкін.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұған дейін қасиетті Рамазан айы кезіндегі ораза және намаз кестесін жарияланған. 2021 жылы республикада Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.
Фото: namenu.ru