Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасы «Ғылым қор» акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы А. Сұлтанғазинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Айта кетелік, экс-төраға сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді.
А. Сұлтанғазин Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т. Едрисовтан Білім және ғылым министрімен жеке кездесу ұйымдастырып беремін деп 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған.
18-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданындағы №2 аудандық соты Сұлтанғазинді кінәлі деп тауып, 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.