19 жастағы Аяжан Еділованың туыстары қылмыскерге өлім жазасы кесілуін талап етеді.
Аяжан Еділова "Сымбат" дизайн және сән академиясының 4-курс студенті болған. Өзінің авторлық жинақтары және өнімдер сататын интернет-дүкені бар. Сонымен қатар, Аяжан Еділова сұлулық салонында да жұмыс істеген.
«Аяжанның туыстары оның ер адаммен неге кездескені туралы бірнеше нұсқа айтты. Оның бірі
интернет-дүкенінің жұмысына қатысты кездесу. Ер адаммен танысу мақсатында кездескен деген нұсқа дұрыс емес, өйткені Аяжанның сүйген адамы болған», - деді «Не молчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.
19 наурыз күні қыз жұмыстан 20.48-де шыққан, бірақ жатақханаға оралмаған. Аяжанның жігіті мен құрбылары таңертең туыстарына хабарлаған.
«Жігіт жатақхананың жанында қызды күтіп тұрды, қоңырау шалды, кейін Аяжанның өзі 23.00-де: «Мен шықтым» деп жазды. Осыдан кейін онымен байланыс үзілді.
20 наурызда таңертең іздеу басталады. Аяжанның туыстары полицияға сағат 12:00-де хабарласқан, бірақ олар дәл сол күні митинг болып, үлгермей жатқандарын айтқан. Аяжанды іздеуге достары мен еріктілер қосылып, такси қызметіне сұрау салады. Аяжанның ағасы сағат 15.00-де 102-ге қоңырау шалып, қыздың жоғалып кеткенін хабарлайды, кейін оларды Аяжанның жұмыс орнына шақырады, бұл шамамен 17.00-де болды», - делінген хабарламада.
Оқиғаға сәйкес, 21 наурызда еріктілер Аяжан мінген такси жүргізушісін табады, ол қызды алып барған мекен-жайды көрсеткен. Таксиді Руслан есімді азаматтың шақырғаны белгілі болды.
«Мекен-жай полицияға хабарланды. Содан кейін олар қызды абоненттік нөмірдің базалық станциясы арқылы іздеді. Сағат 23.00 шамасында біз мекен-жайға бардық. Полиция Аяжанның туыстарын пәтерге кіргізбеген. Екі жедел жәрдем көлігі келді. Содан кейін пәтерден қанға боялған біреуді алып шығып, жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Іздеуге қатысқан қызметкерлердің біреуі шығып, қыздың жоқ екенін айтты. Мен туыстарыма таңертең полицияға келіңдер деп айттым.
Аяжанның туыстары 22 наурызда шамамен сағат 12.00-де полиция бөліміне келеді. Бірақ оларға 21 наурыз күні Аяжанның денесі табылғанын айтпаған. Аяжанның ағасы Instagram-дағы жаңалықтар лентасынан қарындасының қайтыс болғанын көреді. Есеңгіреп қалған ол полициядан түсіндіріп беруін сұрады. Полиция бұл туралы қалай хабарлауды білмегендерін айтқан. Қыздың туыстары, апасы, анасы мен әкесі де бұл хабарды жаңалықтардан көрген.
«Аяжан жай өлтірілген жоқ, оны асқан қатыгездікпен өлтірген. Денесін адам сенгісіз түрде бөлшектеген. Қылмыскер тез әрі шебер түрде әркет еткені көрінеді. Бір тәулік ішінде жас қыздың денесін бөлшектеп тастаған. Адам сенгісіз жағдай. Бұл туралы жазу мүмкін емес.
Егер туыстары мен еріктілер Аяжанды белсенді түрде іздеуді бастап, жүргізушінің номерін, кейін пәтерді анықтамағанда, ол ешқашан табылмас еді. Маньяк тым кәсіби және жылдам әрекет еткен. Біз қайтыс болған қыздың ағасымен және тәтесімен сөйлестік. Туыстары оның өлім алдында қалай азап шеккенін ойлап жылайды. Бұл қыздың басынан өткен нәрсені елестету өте қорқынышты», - деп жазды Дина Таңсәрі.
Қайтыс болған қыздың ағасының айтуынша, қылмыскердің жоғары медициналық білімі бар. Интеллектуалды отбасынан шыққае әрі көршілері оның әдепті және мәдениетті адам екенін айтқан.
Жәбірленушінің туыстары көпшілікке үндеу жолдады. Қылмыскер психикалық ауру ретінде жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қорқады. Қыздың туыстары осындай қылмыс үшін өлім жазасын талап етеді», - деп қорытындылады «Не молчи.kz» қорының негізін қалаушы.