Қарағандыдағы көп қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жарылыс бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде болған. Дәрігерлердің мәліметінше, 27 жастағы азаматтың денесін күйік шалыпты, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
«Оқиға орнына ТЖД-нің 40 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, оттың шығу себебі – 27 литрлік газ баллонының редукторынан газ-ауа қоспасының ағып кетуі. Қарағанды облысының ТЖД еске салады: 2 қабаттан артық қабатты көппәтерлі үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады. Тек жарамды газ жабдықтарын пайдалану қажет», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД.