2021 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша Қазақстан халқының саны 18 миллион 897 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2021 жылдың 1 ақпанындағы есеп бойынша халық саны 18 897,9 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары - 11 169,7 мың (59,1%), ауыл тұрғындары - 7 728,2 мың (40,9%) адам, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда халық саны 244,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Халықтың 48,5%, - ерлер, 51,5% - әйелдер құрайды.