Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту қайта басталады.
Оқу бітіретін 9, 11, 12-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға рұқсат етіледі. Пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту форматына көшеді. Сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы керек. 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша, бір уақытта мектепте адам саны 30 пайыздан аспай, санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.
Қаулы 2021 жылы 1 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.