Мамандардың айтуынша, Солтүстік Циклонның қуысы және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер шығысқа қарай ауысады, сондықтан шығыста және оңтүстік-шығыста ауа-райы тұрақсыз болуы мүмкін, қар жауып, ақтүтек боран көтерілуі ықтимал.
Температураның төмендеуі антициклонмен байланысты, оның орталығы Ақмола облысынан жоғары орналасқан. Республикада кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі. Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде Маңғыстауда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Алматы, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады, Алматыда түнде жел, күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, қарлы боран болады. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.