Қазақстанда коронавирус кезінде ажырасу саны үш есе азайды. Ал үйлену саны 16 пайызға азайған, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстанның барлық өңірінде неке саны қысқарған. Мысалы Шымкентте 27,4 пайызға, Қостанай облысында 19,8 пайызға және Алматыда 18,3 пайызға, Қызылорда облысында 10,2 пайызға, Павлодар облысында 10,5 пайызға және Түркістан облысында 11 пайызға азайған.
Ажырасу саны да еліміздің біраз өңірінде азайған. Мысалы Қызылорда облысында төрт есе, Атырау облысында 3,7 есеге және Батыс Қазақстан облысында 3,1 есе азайған.