You Tube желісінде айтыскер ақын Айбек Қалиевтің сұхбаты жарияланды.
Қостанай таңына сұхбат бердіңіз. Тігісін жатқызып айта білген ақынның аузына ешкім қақпақ қойып жүрген жоқ дедіңіз. Тігісін жатқызып айту деген қалай Айбек мырза, деп сұрады Нартай Аралбайұлы.
"Айтыста бір кезең болды. Билікті сынаудың жөні осы екен деп оппозициялық газеттегі жазылғандарды оқып, сараптап, сараламай айтыста төтесінен тарта беретін ақындар болды. Бұл сөзді соған байланысты айттым. Өзім айтысқа шығатын болсам жан-жақты саралап барып айтамын. Мысалы, шетелде әр сөзің үшін жауап беруге тура келеді", - деп жауап берді ақын.
Қай кезде сараптап айту қажет екенін түсіндіңіз, деп сұрады журналист."Бір оқиға болды. Қостанай облысының біраз ауданында әкім болған Сабыржан Ахметов деген ағамыз бар. Жас кезімізде Мейрам Айдаболов деген ағамыз депутаттық сайлауға қатысты. Бірақ кейін елге барып, кешірім сұрап, кандидатурасын қайтып алғанын айтты. Алғысын айтып, кеш жасады. Сол кеште Аманжол екеуміз айтыстық. Арқалықтың жағдайын айтып отырып, бұрынғы әкім болған кісілерді біраз сынап жібергем. Сөз арасында Сабыржан ағамызды да сынағанмын. Кейін Сабыржан ағамыз келді. Ағаңды біраз жерге апарып тастапсың ғой Айбекжан, ол былай еді ғой деп жағдайды түсіндірді. Қарап отырсам ол кісінің айтқаны дұрыс екен. Басқалар сияқты теріс айналып кеткен жоқ, әлі күнге дейін құшақтап, бетімнен сүйіп амандасады. Осы жағдай маған сабақ болды", - деді Айбек Қалиев.
Айтыста әлі біраз адамдар сыналады ғой. Сабыржандар бар ма? Әлде батыраштар ма?"Қазір Сабыржандай ағаларымыз жоқ. Баяғыда "мойныңды бұрап жұлып алам" деп хабарласқан кісілер де болған. Амантай Қажы айтыста сынадың деп осылай айтқан. Тікелей эфирде жекпе-жек айтыс болды. Қазір екінің бірі ақшасы болса қажылыққа барып келетін болды, деп келіп Амантай ағамыз сияқтылардың қажылығы қажылықтың қадірін кетіріп жүр дедім. Содан менің телефонымды тауып алып, хабарласып солай деп айтты", - деді Айбек.
Дереккөз: Nartay Aralbayuli