Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы елдегі эпидемиологиялық жағдай өлшемі бойынша «қызыл аймаққа» кірді. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Елдегі жалпы жағдай төмендегідей:
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары.
«Сары аймақта»: Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО облыстары.
«Жасыл аймақта»: жоғарыда аталған өңірлерден басқа аймақтардың барлығы.