Шымкент қаласының спорт бөлімінің бастығы Олег Почивалов қос азаматтығын растады. Бұл фактіні Шымкент полициясы да растап отыр, дегенмен бұрын қалалық әкімдік бұл ақпаратты теріске шығарған. Сол үшін шенеунік азаматтығынан айырылды.
Шымкент полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан азаматтығынан басқа екінші азаматтық алуға тыйым салатын заңды бұзған.
"Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматы Олег Владимирович Почиваловтың қос азаматтықта барын анықтады.
Азаматтық туралы заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту дерегін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы Гүлжан Нысанбаева.