Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан бастап Қазақстанда "Спутник V"-ге қарсы ерікті вакцинациялау науқаны басталды.