ҚР СІМ Бағдад қаласындағы кескін-келбеті қазаққа ұқсайтын жетім балалардың ата-анасын іздейді. Бұл туралы ақпаратты баспасөз бетіне Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы Данияр Байбеков жариялады.
Ирактың Мосул атты қаласындағы әскери қақтығыстардың бірінде екі баланың анасы ұлдарын өтіп бара жатқан қыздың қолына жетектетіп жіберген. Артынша өзі жойқын жарылыстан қаза тауыпты.
Балалар қақтығыс кезінде жараланған. Жарылғыш заттың сынығы бірінің бетіне дақ қалдырса, екіншісінің қол-аяғындағы бірнеше саусағын шауып кетіпті.
СІМ балалардың ата-анасының қазақ болып шығу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Дипломаттар жетім бүлдіршіндерді таныған жағдайда келесі номерлерге хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 72-01-64, 72-04-71 и 72-01-11.