«Отбасы банктің» баспасөз қызметі www.enpf-otbasy.kz онлайн платформаcында біржолғы зейнетақы төлемдерін жақын туысқа табыстау тәсілі бойынша нұсқаулық дайындады.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан бөлігін табыстауды жоспарламас бұрын, алдымен Отбасы банкінде арнайы шот ашу қажет. Шотты қаражатты табыстаушыға да, қабылдаушыға да ашу қажет.
Зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталады.
Оларға келесі қарым қатынастағы туыстар жатады:ерлі-зайыптылар;
- ата-аналар;
- балалар;
- бала асырап алушылар/ - асырап алынғандар;
туған немесе әкелері/аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер;
- аталар/әжелер.
Банк сіздің жинақтарыңызды туысыңызға табыстау өтінімдеріңіздің 2 жұмыс күні ішінде қарайды. Содан соң БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде қажетті қаражатты Отбасы банкіндегі арнайы шотыңызға аударады. Зейнетақы жинақтарыңызды - Отбасы банкінің тиімді бағдарламалары арқылы баспаналы болуға бастапқы жарна ретінде пайдалануыңызға болады, - делінген хабарламада.