Академик Асқар Жұмаділдаев Tańsholpan студиясында қонақта болып, жастарды математикаға құлшындыру үшін байқау ұйымдастырғанын мәлімдеді.
"Бұл бастама 50 жылдық мерейтойымнан басталды. Жасырған есебімді шығарғандар 100 доллар алады. Егер ешкім жауабын таппаса, әр жыл сайын сол есепке 100 доллардан қосылып отырады. Биыл оның құны 1400 долларға жетті", - дейді ол.
Математик сұхбатында осындай әдістерді жиі қолданатынын атап өтті.