StopFake.kz хабарлауынша, қазнетте аумақтық тұтастықты бұзу мен Қазақстанның Тәуелсіздігін жоюды мақсат еткен белгілі бір ҰАҚ ұйымының бар екені туралы хабарлама тараған.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, оның басшысы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты - Евгений Федоров.
Желі қолданушыларының айтуынша, ҰАҚ ұйымы ашық жұмыс істейді, тіпті Алматы мен Нұр-Сұлтандағы өз кеңселеріне шақырып, қазақстандықтар арасынан жаңа мүшелерді қабылдап жатыр.
"Бұл ақпарат тексерілді. Жоғарыда аталған мекенжай бойынша және жалпы елорда аумағында "ҰАҚ" деп аталатын ұйымның штабы жоқ. Сілтеме фейк, ал осы ұйымда аты аталған адамдар ҚР азаматтары емес. Арандатушылық әрекеттерге бармауларыңызды сұраймыз" - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер.