Премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.
Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 миллион доза вакцина өндіріледі.
"Қазақстанда өндірілген"Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Мамин.