Ақын, жазушы, драматург Мұхтар Шаханов сұхбат берді. Ақынның айтуынша оны Горбачев өлтірмекші болған.
"Совет одағының кезінде Горбачев мені бірнеше рет өлтірмекші болды. Сенің көзіңді жоятын мүмкіндік табамыз деді. Ресейдің тұңғыш президенті болған Борис Ельцин мен жағында болды. Әуелі Құдай, егер Ельцин болмағанда мен тірі жүрмейтін едім".
Горбачев сізді не үшін өлтіргісі келді, деп сұрады Нартай Аралбайұлы.
"Қазақстанды Колбин басқарды. Колбин өзі рухсыз адам еді. Ол кезде демократия болатын. Мен өзімді Желтоқсан шындығын айту үшін СССР халық депутаттығына ұсындым. Содан кейін бірнеше жерлерде кездесу болатын болды. Сол кезде Колбин былай деген: Егер Шахановқа қарсы шықпасаңдар, бәріңді жұмыстан қуам. Содан олар ертең сағат бесте, бүгін үште Шахановпен кездесу болады деген. Шаханов жоқ. Өйткені маған айтпаған ғой. Содан кейін мен маған олар айтпады деп мәлімдеме жасадым. Сол кезде жер-жерден, Алматының 7 ауданынан менің жанкүйерлерім пайда болды. Әр ауданнан 1000-1500 адам менің жағыма шығып кетті. Сөйтіп мен Желтоқсан оқиғасы жайлы ашық айтуға мүмкіндік алып, депутат болып сайландым".
Дереккөз: YouTube Nartay Aralbayuli