96 жастағы қария баласы үшін сотқа тартылды
Америка Құрама Штатарының бір қаласында 63 жастағы баласы үшін жол ережесін бұзған 96 жастағы қарт әкенің соты болып өтті. Соттағы әкенің сөйлеген сөзі сот залындағы барша қатысыушыны жүрегін елжіретіп, көздеріне жас үйірді.
Соттың: « Koella мырза! Сіз мектеп көшесіндегі жылдамдықты шектен тыс арттырғаныңыз үшін айыпталынып отырсыз», - деген сөзіне қария жауап берді.
Ол өзінің жылдам жүре алмайтындығын, кей кездерде ғана баласының дәрі-дәрмегін уақытылы жеткізу үшін жылдамдықты артыруға мәжбүр екендігін баяндай келе:
«Мен баламды аптасына бір рет ем қабылдауға апарам, балам мүгедек, сондай сәттердің бірінде асыққан шығармын», - деген сөзіне бастапқыда сеніңкіремеген сот:
«Кешіріңіз сонда балаңыз қанша жаста?», - деген сауалын қойды.
Қарт әке баласының 63 жаста екенін, рак ауыруымен ауыратындығын және оның жалғыз қамқоршысы өзі екендігін баяндап берді. Бұл жауапқа таңданысын жасырмаған сот:
«Сіздей әкелер өмір сүретін Америка бақытты ел, сіз қандай мықты адамсыз. Бұл деген ғажап! Сіз мойыныңыздағы барлық айыптаулар мен айыппұлдардан босатылдыңыз», - деп басын шайқады.
Міне мейірім, міне демократия. «Әке асқар тау» деген осы болса керек....