Қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері Тимур Құлыбаев Financial Times халықаралық қаржы газетінің мақаласына байланысты Бас прокуратураға шағым түсірді.
Басылым мәліметіне сәйкес, кәсіпкердің наразылығын тудырған мақала желтоқсан айының басында жарияланған.
"Кәсіпкер Т.А. Құлыбаев басылыммен келіспейтіндігін айтады, онда жалған мәліметтер келтірілген материалдар, нақты фактілермен расталмаған, өзара байланысы жоқ және ресми пікірлерге қайшы келетін субъективті тұжырымдар жиынтығы кездеседі. Т.А. Құлыбаевтың аталмыш мақалада көрсетілген мәмілелерге еш қатысы жоқ", - делінген материалда.