Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді.
"Қазақстанда бүкіл жерде өтірік. Үкімет отыз жыл бойы тек өзін-өзі мақтаумен, өзін жарнамалаумен айналысып жатыр", - дейді ғарышкер.
Тек өзім білетін сала туралы айтайын деген Тоқтар Әубәкіров егін шаруашылығы саласындағы өтіріктер туралы да айтты.
«Егін дейміз. Егіннің арасында жүргеніме 15 жыл болды. Балам егін егеді. Мен қай жерде қандай егін өскенін білемін. Бірақ бізде екі есе көп қып айтады. Не үшін? Бұрынғы Совет үкіметі кезінде герой атағын алу үшін үлкен цифр жазатын. Қазір халықтың жағдайына сәйкес айту керек қой. Екіншіден. Әне жерден бір завод, мына жерден бір завод ашамыз. Айтыңызшы маған, Назарбаев ашқан бір завод жұмысын істеді ма? Табыңдаршы Қазақстаннан. Ол кісі бұрылды кетті, бәр іжабылды. Неге ешкім тексермейді? Осылайша біз дүниежүзіне өтірік айтамыз. Ондай болса, басшылар өз пайдасына ғана жасап жатыр», - деді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров.
Дереккөз: You tube Nartay Aralbayuli