Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.