Елордадағы тамақтану орнында тағы да газ баллоны жарылды.
Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесінің бойындағы контейнерде болған. Жеке нысан асхана ретінде жабдықталған. Өрт түнгі 22:00 шамасында шықты және 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұған қоса, контейнер жанындағы ағаш құрылғылар да отқа оранды.
Оны ауыздықтау үшін 4 техника мен жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен тағы 4 газ баллоны шығарылды. Қазір оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.