Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қараша күні Казталовка - Чапаево тасжолының 16-шақырымында болған.
Денсаулық сақтау басқармасы 52 жастағы әйел мен екі ер адамның қайтыс болғанын, біреуі 40-50 жаста, екіншісі 1989 жылы туғанын хабарлады.
"Жол апаты болған жерден 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел комада жатыр. Ал 69 жастағы ер адам жарақат алған және миы шайқалған", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.