Әлеуметтік желілерде 15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойылатыны туралы хабарламалар тарады.
Хабарламада Алматыда карантиннің күшейтілетіні туралы айтылады. Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"Бүгінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат жалған", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.