Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтіліп жатыр.
Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысында соңғы уақытта облыста коронавирус жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түскені атап өтілген. Осыған байланысты COVID-19-дың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында облыстық жедел штаб 2020 жылы 9 қарашадан бастап 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады, атап айтқанда:
Қостанайда қаланың периметрі бойынша блокбекеттер орната отырып, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізілсін;
КВИ-дың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блокбекеттер орнату;
Жүк көлігі мен жолаушыларға Қостанай облысына ПТР анықтамасыз кіруіне тыйым салынсын, болмаған жағдайда адамдар тексерілу үшін 2 күнге карантиндік госпитальға жатқызылады;
Әуе жолаушыларында нәтижесі теріс ПТР анықтамасы міндетті түрде болуы керек (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәуліктен артық емес);
Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы 21:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін;
Қоғамдық көліктің жұмысына 06.00-ден 20.00-ге дейін толымдылығы отыратын орындар саны бойынша ғана рұқсат беру.
Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;
Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, алайда ғимаратта келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспауы тиіс, жұмыс күндері жұмыс режимін 08.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар және т.б. өткізбеу, 21.00-ден кейін тек алып кету және жеткізу жұмыс істейді. Жексенбі, мереке күндері және 21.00-ден кейін алып кету және жеткізу арқылы ғана жұмыс істеу;
Такси қызметін 21:00-ден 06.00-ге дейін шектеу, жолаушылар саны 2 адамнан аспауы керек;
Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтан жұмыс режимге көшіру;
Театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру. Сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.