Павлодардың бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов жемқорлыққа күдікті деп танылып қамауға алынды.
"Павлодар облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Қайыргелдиновке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп мәлімдеді Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына аймақтың Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Павлодардың экс-әкімі жемқорлық іс-әрекетті Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі болып жүргенде жасаған.
Оразгелді Қайыргелдинов облыстық бюджеттің есебінен 240 миллион теңгеге пайдалануға жарамсыз аэродромды біле тұра Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне заңсыз иемденуге күдікті деп танылды. Оған қатысты қамауға алу шарасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді сауалға Құрақбаев.
Айта кетейік, Оразгелді Қайыргелдинов Павлодарда 2011-2014 жылдары басшылық етті. Одан кейін бұл орынға Болат Бақауов тағайындалды. Кейін Қайыргелдинов облыс әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорнын басқарды, ал екі жылдан кейін аудан әкімі болды. 2019 жылғы желтоқсанда ол жұмыстан шықты, ал осы жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аймақтық салалық кәсіподағы басшысының орынбасары болды.